head-background-cb12

АУЫЗ ҚУЫСЫНЫҢ ГИГИЕНАСЫ

Ауыз қуысының гигиенасы – таза демге апарар ең басты жол.

Кариоздық қуыстарды болдырмау үшін тіс тазалау маңызды екені кеңінен белгілі. Бірақ, дем таза болу үшін жалпы ауыз қуысының гигиенасы одан кем емес маңызды екенін білесіздер ме? Кеңінен таралған пікірге қарамастан, жағымсыз иістің себебі, әдетте асқазанда емес , ауыз қуысының жай-күйінде. Жағымсыз иіс, тіс аралықтарында, тіл қыртыстарында, қызыл ет қалталарында қалған тамақ қалдықтарын бактериялардың өңдеуінен болады. Тамақ қалдықтарын бактериялар өңдеу нәтижесінде (ҰКҚ) ұшпа күкіртті қосылыстары бқлінеді, және ол қоршаған ортаға жағымсыз иіс болып сезіледі. Сондықтан, таза дем мен тістің саулығын сақтау үшін, тісті тазалау, ауызшайғыш және тіс жіптерін пайдалану, ауыз қуысының гигиенасының тұрақты құрамдас бөлігі болуы өте маңызды.

Какой вопрос Вас интересует?